Қазақстандықтар мамыр айында қалай демалады

адам
Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 мамырдағы жұмыс күнін (сәрсенбі) 4 мамырға (сенбіге) ауыстыратын бұйрық жобасын жариялады.

Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан — 7, 8, 9 мамырда демалады.

«2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы ұсыныс Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді. Мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы», — деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрық жобасымен Ашық НҚА порталында танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар