Олимпиаданың он төртінші күні ел спортшылары қалай өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық спортшылардың жазғы Олимп ойындарының он төртінші күнгі нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз. 

о
Фото: ҰОК

Қазіргі бессайыс: Ерлер арасындағы жартылай финалдың А тобында сынға түскен Георгий Борода-Дудочкин 1452 ұпай жинады.

Өкінішке қарай, қазақстандық топта үздік 9 атлеттің қатарына кіре алмай, финалға шыққан жоқ. 

Байдарка мен каноэде есу: Каноэде 500 метрге жұптасып ескек есуден әйелдер арасында А және В тобының финалында Мария Бровкова мен Руфина Искакова мәреге үшінші болып жетті.

Уақыт көрсеткіші – 1:57.58 секунд. 

Еркін күрес: Юсуп Батырмұрзаев (125 кг) алғашқы белдесуінде Роберт Бараннан (Польша) жеңіліп қалды. Есеп – 1:4.

Таэквондо: Батырхан Төлеуғали (80 кг) екінші кезеңде 2 дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиоға (Италия) есе жіберді – 0-2.

Жеңіл атлетика: Ұлттық құрама спортшысы Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасында 10 шақырымға жүгірудің финалында 17-орын алды.

Олимпиаданың он төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.