Қазақстандықтар судың «қара нарығы» фактілері бойынша анонимді түрде жүгіне алады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандықтар өңірлердегі судың «қара нарығы» фактілері бойынша анонимді түрде жүгіне алады. 

мобильный телефон, соц сети
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Telegram мессенджерінде «Судың қара нарығына жол жоқ» чат-ботын іске қосты. 

Бұл шара суару маусымында суды әділ бөлуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Қазсушар» РМК мен оның филиалдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзуды анықтап, алдын алуға бағытталған.

Айта кетелік Қазақстанда су үнемдеудің өзекті мәселелерін қалай шешуге болатыны туралы жазған едік