19:07, 18 Сәуір 2024 | GMT +5
Қазақстандықтар Таиландқа визасыз кіре алады
АСТАНА. KAZINFORM — Енді қазақстандықтар Таиландқа 30 күнге визасыз кіре алады. Бұл туралы Bangkok Post сайты жазды.

Қазақстандықтардың 30 күн бойы Тайландта визасыз жүруін Тайланд билігі мақұлдады. Мұндай режим бір жылға қолжетімді.
Таиландтың (ТАТ) Туристік басқармасының мәліметінше, былтыр 172 мың қазақстандық турист экзотикалық елге саяхаттаған. Таиланд билігі биыл қазақ жерінен 220 мың турист келеді деп болжап отыр.