Қазақстандықтар Түркиядан баспана алушылардың ТОП ондығына кірді

турция
Коллаж: Kazinform, Midjourney

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылдың мамырында шетелдік азаматтар Түркия Республикасынан 2064 жылжымайтын мүлік сатып алған. Қазақстан бұл шетелдік сатып алушылар арасында 95 жылжымайтын мүлікпен 6-орында тұр. Бұл туралы Kazinform агенттігі Turkstat-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мамыр айында шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сатылымы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 34,8%-ға төмендеген.

Шетелдіктер арасында ең танымал провинциялар Анталия (797), Ыстанбұл (668) және Мерсин (164) қалалары болған.

Сондай-ақ, ең көп сатылым Ресей азаматтарына — 437, Иран — 207 және Украинаға — 171 жасалған.

Қазақстан азаматтары 95 жылжымайтын мүлік сатып алған және ТОП-10-ға кіріп, алтыншы орында тұр.

Жалпы, мамыр айында сатылым өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеп, 110 588 мүлік сатылған.

Ең көп сатылым Ыстанбұлда — 18,814, Анкарада — 9,861 және Анталияда — 6,306.

Соңғы жаңалықтар
telegram