Қазақстандықтардың 11,6% пайызы ғана тұмау вакцинасын алған

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде өткен жылға қарағанда жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмауды жұқтыру 20 пайызға азайған. Толығырақ Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпедемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова айтып берді.

Адам папиломасы вирусына қарсы вакцина
Фото: Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

- Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмау жұқтыру маусымы жалғасып жатыр. Елімізде жыл сайын эпидемиологиялық маусымда (қазаннан сәуірге дейін) жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырудың 4-5 млн жағдайы және тұмауға шалдығудың 2 мыңға дейін жағдайы тіркеледі, - деді Сархат Бейсенова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Комитет басшысының мәліметінше, елімізде ЖРВИ мен тұмау жұқтыру жағдай былтырға қарағанда 20%-ға төмендеген. 

- Эпидемиялық маусым басталғалы зертханалық тұрғыдан 1686 тұмаумен ауру жағдайы тіркелді (А тұмауы (H1N1) – 92,5% (1559 жағд.), А(H3N2) – 0,9% (16 жағд.), В тұмауы – 6,6% (111 жағд.). Жалпы республика бойынша 2,3 млн адам тұмауға қарсы екпе алды, бұл республика халқының 11,6%-ын құрайды, - дейді ол. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл басынан бері 51 адам коронавирус жұқтырды.

Айта кетсек, елімізде қызылша жұқтырған балалардың 83 пайызы екпе алмаған.

Соңғы жаңалықтар