Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі 24 трлн теңгеден асып кетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстандықтардың несие портфелі жыл санап артып келеді. 2025 жылдың 1 қаңтарында жеке тұлғалардың кредиттік ұйымдар алдындағы жалпы берешегі 24,1 трлн теңгеге жетті.

несие
Фото: Кazinform

Бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаровтың айтуынша, жалпы несиелердің 90 пайыздан астамы кепілсіз тұтынушылық, ипотека және автонесиеге тиесілі.

Кепілсіз тұтынушылық несие: Қарыз көлемі 2025 жылдың басында 11,7 трлн теңгеге жетті (бір жылдағы өсім +22,9 пайыз).

Ипотекалық несие: Бір жылда 14,1 пайызға өсіп, 2025 жылдың 1 қаңтарына қарай 6,7 трлн теңге болды.

Келісімшарттар саны: 9,9 пайызға артып, 627,6 мыңға жетті.

– Қарыз алушылар саны 10,3%-ға өсіп, 600 мың адамға жетті. Жыл басындағы орташа қалған қарыз 10,6 млн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға артық,– деді Руслан Омаров.

Осыған дейін елде автонесие көлемі рекордтық деңгейге жеткені туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар