Қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуына Тайвань хакерлерінің қатысты бар - министрлік

хакер деректер
Фото: DALL-Е/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандықтардың дербес деректерінің таралуына Тайвань хакерлерінің қатысты бар. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен мәлім етті. 

«2024 жылдың 16 ақпанында GitHub белгісіз біреулер қытайлық компания деректерін жариялап жіберді. Оның ішінде қазақстандықтардың да дербес деректері болды. Тайвань хакерлері Қытай хакерлерінің деректер қоймасын бұзған. Жарияланған материалдар қытай хакерлерінде сақталған», - деп атап өтті ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай. 

Цифрлық даму министрлігінің түсіндіруінше, қытай хакерлерінің шабуылы бағларламаның қамтамасыз етудің әлсіз тұсы арқылы жүзеге асырылған және ол қытайлық байланыс жабдықтарымен байланысты емес.

Бұған дейін «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz, «Робокеш.кз» ЖШС микроқаржы ұйымының клиенттері саналатын қазақстандықтардың 2 миллионнан астам жеке дерегінің таралуын анықтағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар