Қазақстандықтардың орташа жасы – 32,3 жас

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың басында Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Өзбекстанда халық саны күн сайын орта есеппен 2,1 мың адамға артып келеді
Фото: Pexels

Ведомствоның мәліметінше, соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 31,9 жастан 32,3 жасқа дейін өскен.

Гендерлік бөліністе ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас.

Өңірлер бөлінісінде ең жас тұрғындар Түркістан облысында – орташа жас 27,7 жыл. Одан кейінгі орында Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы – 27,8 жас.

Ал ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – 39,2 жас. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 38,9 жас, Қостанай облысында – 38 жас.

Статистикалық деректерге сәйкес, қала тұрғындарының орташа жасы – 32,7 жас, ауыл тұрғындарында – 31,7 жас.

Айта кетейік, Қазақстанда ел халқының денсаулық жағдайы туралы статистикалық жинақ жарық көреді.

Соңғы жаңалықтар