Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді

Мемлекеттік қызмет
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM –  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19 наурыздағы бұйрығымен мемлекеттік қызметтер тізіміне өзгерістер енгізілді. 

Бұйрыққа сәйкес, келесі мемлекеттік қызметтер тізімге енді:

  • Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
  • Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамның шотына алынған мүлікке билік етуге, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру;
  • Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру.

Бұл мемлекеттік қызметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететінін атап өткен жөн. Бұйрық 2024 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар