Қазақстандықтың соққан голын Instagram-да 68 миллион жазылушы көрді

Гол

Әлішер Келгенбай аты аңызға айналған швед шабуылшысы Златан Ибрагимовичтің стилінде әдемі гол соқты. Kazinform бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Келгенбай жаттығу кезінде өзіне қарай ұшқан допты бұрылып келіп, қақпаға соқты. Бұл видео Instagram желісінің 68 миллион жазылушысы бар 433 парақшасында жарияланған. Бейнеролик екі сағат ішінде 403 мыңнан астам лүпіл жинады.

Қазақстандықтың голы 2012 жылы қарашада Англия құрамасымен өткен жолдастық кездесуде Златан Ибрагимовичтің айып алаңының сыртынан соққан голына ұқсас болды.

View this post on Instagram

A post shared by 433 (@433)

Соңғы жаңалықтар