Қазақстанды Қытайдың қылмыспен күрес тәжiрибесi қызықтырады - А.Дауылбаевтың сапары

Кездесу барысында тараптар қол жеткізілген ынтымақтастықтың деңгейіне қанағаттанатындықтарын айтып, қолданыстағы қарым-қатынас базасын одан әрі дамыту мен кеңейту жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
"А. Дауылбаев қытайлық тарапты еліміздің құқықтық саланы реформалауда қол жеткізген жетістіктері жөнінде хабардар етті. Қазақстан прокуратурасының қадағалау және құқық қорғау салаларында қол жеткізген жетістіктері туралы айтып, қылмыстық қудалауда адамның құқықтары мен бостандықтары прокуратураның ерекше назарында екендігін атап өтті", - делiнген таратылған хабарламада.
Ведомство ақпаратында мәлiм етiлгенiндей, кездесу барысында бiрқатар уағдаластықтар жасалды. Тараптар 2011 жылдың ақпан айында жасалған сотталғандарды беру туралы шартты ратификациялау рәсімін тездетіп, оның келесі даму қадамдарының іске асырылуы жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл құжатқа қол қойылу өзекті болып табылады, себебі қазіргі таңда Қазақстанда ҚХР-дің 20 азаматы жазасын өтеп жатса, Қытайда Қазақстанның 15 азаматы абақтыда отыр.
Сонымен бірге, Бас прокурор Қазақстанның құқық қорғау органдары ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте тәжірибесі бар мемлекеттермен конструктивті диалог құруға мүдделі екендігін атап өтті.
У. Айин Қазақстан прокуратурасының мемлекеттің халықаралық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы қызметін жоғары бағалап, стратегиялық міндеттер мен аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қазіргі әлемнен төнетін қауіпке қарсы тұру үшін, бірлескен міндеттерді одан әрі бірігіп шешуде ынтымақтастықтың дамуына мүдделі екендігін қуаттады.