Қазақстанды велосипедпен шарлап келе жатқан әйел Алматыға жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанды велосипедпен шарлап келе жатқан әйел Алматыға жетті. 36 жастағы Ақмарал Мәжитова Ақтөбеден шығып, Қазақстанның солтүстігін, шығысын аралап келеді.
None
None

Келіншек ел аумағын шарлап жүргеніне 4 ай болған.

Оның айтуынша, жолда ашық аспан астында түнеп, ыстық шаймен бұзылмайтын азық-түлікпен қоректеніп келген.
null

Ақмарал осы сапары үшін мансабын да қиып кеткен. Ағылшын тілінен аудармашы ретінде қызметте жоғарылай бастағанда  жұмыстан арыз жазып шығып кеткен екен.

 «2014 жылы велосипедпен жүруді үйренген соң Қазақстанды аралап шықсам деген арман туды. Анам мен туған бауырым қолдау көрсетті. Басында анам қатты уайымдаған. Үнемі телефон шалып тұратын. Кейін алаңдамайтын болды», - деді ол.
null

Жолда Ақмаралды неше түрлі қиындықты басынан өткерген. Атап айтқанда, ауа райының құбылмалылығынан Ақмарал жолда суық ұстап, ауырып қалған.
null

Таулы қыратты жерлерге келгенде жаяу өрмелеуге тура келген.

«Алматыға жетейін деп қалғанда, 160 шақырым қашықтықты жүре алмадым. Суық жел болды. Сондықтан, автостоппен жеттім. Түнде ашық аспан астында ұйықтап жүрдім. Қаладан қалаға велосипедпен, қала ішінде көлікпен жеттім. Бүгін Алматыда құрбымның үйіндемін. №11 емханаға денсаулығымды тексертуге келдім. Айлап құрғақ аспен қоректенген соң ас қорыту жүйесі де сыр бере бастады. Шығыс Қазақстанға жеткенде тісім түсіп қалды. Қатты жөтеліп ауырдым», - деді Ақмарал.

Емханада білікті мамандар Ақмаралдың денсаулығын толығымен тексеріп, емдеу шараларын жазып берді.
null

Ақмарал суық түспей Шығыс Қазақстаннан өтіп алуды жоспарлаған.

«Қазақстанның табиғаты ғажап, Шығыс Қазақстан, Баянауыл, Қарқаралы ұлттық парктерінің пейзажына көз тоймайды. Оны көргеніме бақыттымын», - деді ол.

Ақмарал 2 аптадан соң сапарын жалғастырмақ. Алайда, алғашқы қар түскен күні-ақ велосипедін жинап, үйіне қайтуды ойластырмақ.
nullnull

Естеріңізге сала кетейік, 1-30 қыркүйек аралығында Алматыда мектеп медицинасы айлығы өтіп жатыр. Осы айлық аясында ұйымдастырылған кездесуге 6 мектеп оқушылары қатысты. 

Соңғы жаңалықтар