Қазақстанды жас өнеркәсіпті елдердің қатарына еркін жатқызуға болады
СТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Біздің сарапшыларымыздың пайымдауынша, таяу онжылдықтағы маңызды рөл жас өнеркәсіпті елдерге тиесілі болады.
Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталы студиясында өткен интернет-конференция барысында ресейлік «Бизнес ынтымақтастық» үкіметтік емес ұйымының директоры, «Дағдарыстан кейін даму модельдері» зерттеулері авторларының бірі Виталий Седнев айтты.
«Яғни бұндай мемлекеттер экономикалық даму бастамаларына, ал келесінде жаһандық әлемді қайта құру бойынша саяси бастамаларға молынан көшеді», дейді сарапшы.
В.Седневтің атап өтуінше, жас өнеркәсіпті елдер қатарына Бразилия, Үндістан, Қытай сынды мемлекеттерді жатқызуға болады. «Сондай-ақ сіздердің елдеріңізде үдемелі индустриялизация бағдарламасының қабылданғанын ескерсек, Қазақстанды да бұл қатарға еркін жатқызуға болады», деді ол.