Қазақстандық 1,2 тонна үйректің төс етін Қырғызстаннан өткізбек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық-қырғыз шекарасында бір тоннадан астам құс етінің заңсыз шығарылуына жол берілмеді, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қордай шекара жасағының «Қарасу авто» өткізу бекетінің жасағы Қазақстанның 20 жастағы азаматын ұстады. Ол 1,2 тонна үйректің төс етін тиісті құжатсыз шекарадан өткізбек болған.

Ұсталған адам Қырғызстаннан Қазақстанға «Фольксваген Транспортер» көлігімен келе жатқан. Жүк көлікті тінту кезінде табылды.

Ұстау фактісі бойынша ветеринарлық қызметтің мамандары хабардар етілді.

Соңғы жаңалықтар