Қазақстандық 2 дзюдошы халықаралық жарыстың қола жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БАӘ Абу Даби қаласында өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында 48 кг салмақта дзюдошы Әбиба Абужақынова мен 66 кг салмақта Есет Қуанов қола медаль алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық 2 дзюдошы халықаралық жарыстың қола жүлдегері атанды

Әбиба осымен биылғы екінші Grand Slamде медаль алды. Маусым айында Ulaanbaatar Grand Slamде қола медаль алған болатын. Әбиба қыздар арасында Grand Slam жарысында 2 медаль алған алғашқы қазақ қызы.

Әбиба жуырдаТашкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ дәл осы жарыста тағы бір қазақстандық 66 кг салмақта Есет Қуанов қола медаль алды.


Фото: olympic.kz