Қазақстандық 2 жеңіл атлет әлем чемпионатына жолдама алды
Олар - Ольга Рыпакова мен Михаил Литвин.
Аталған мәліметке сүйенсек, қос атлетіміз бұл жетістікке Ашхабадтағы Азия ойындарында қол жеткізген.
Әлем чемпионаты 2018 жылы Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтеді. Осымен 17-ші рет ұйымдастырылатын дүниежүзілік жарыс 2018 жылдың 1-4 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланған.
IAAF талабы бойынша жарысқа қатысу үшін 2017 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 19 ақпаны аралығындағы турнирлерде белгінген нормативті орындауы керек.
Бүгінгі таңда Ольга Рыпакова мен Михаил Литвин жолдама алып үлгерді. Үш қарғып секіруден әйелдер арасында норматив - 14,30 метр. Рыпакова бұл маусымда 14, 77 метрге дейін секірген болатын. Ал Литвин Ашхабадта 400 метрге жүгіріп, қола жүлдені жеңіп алғанда мәреге 46, 51 секундта жеткен еді. Әлем чемпионатының нормативі - 46, 70 секунд.
Осылайша, екі атлет Бирмингемдегі әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Рыпакованың бұл жарысқа қатысатыны немесе қатыспайтыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Бирмингемде 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады.