Қазақстандық 30 жұп некелерін тіркеуге өтінішті «электрондық үкімет» арқылы берген
ТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат. «Электрондық үкімет» порталы арқылы некені тіркеу туралы өтінім беру қызметін пайдаланушылар саны көбейіп келеді. Бұл қызметтің артықшылығын Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Атырау, Өскемен, Есік және Балқаш қалаларының тұрғындары бағалап үлгерді.
Аталған қызметті пайдаланушылардың айтуына қарағанда, бұл қызметтің ең ұтымды тұсы сол - Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елде, басқа қалада жүріп-ақ некеге тұру туралы өтініш бере алады. Ал, бір қалада өмір сүріп жатқан болашақ жас жұбайлар некеге тұру туралы өтінішті электрондық нұсқада беру арқылы өз уақыттарын үнемдейді.
Естеріңізге салып өтеміз, «Электрондық үкімет» порталы арқылы некеге тұруға өтінім берген алғашқы елу жұп бірегей той сыйлығы - отандық эстрада және телевизия жұлдыздарының атаулы құттықтауына ие болады.