Қазақстандық 4 теннисші «Кремль кубогы» халықаралық турнирінің іріктеу сындарынан сәтті өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теннистен Мәскеуде өтіп жатқан «Кремль кубогы» халықаралық турнирінде қазақстандық 4 теннисші жекелей сында жарыстың алғашқы кезеңінде бақ сынауда,

Қазақстандық 4 теннисші «Кремль кубогы» халықаралық турнирінің іріктеу сындарынан сәтті өтті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазанның 19-ы күні жалауын көтерген шара 20-сыншы рет ұйымдастырылып отыр. Онда  Қазақстан намысын ерлер мен әйелдер арасында үш-үштен 6 спортшы қорғаған болатын. Жекелей сында олардың арасынан Юрий Щукин мен Сесиль Каратанчева  іріктеу сындарында  сүрініп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Енді бірінші кезеңдегі сайыста  Андрей Голубев аргентиналық Мартин Вассальо Аргуэльомен, Михаил Кукушкин италияндық Фабио Фоньинимен,   Ярослова  Шведова сербиялық Елена   Янковичпен, Галина Воскобоева ресейлік Вера Душевинамен  кездесуде. Қазақстандықтар бұл сыннан сүрінбей өтсе Андрей украиналық Илья Марченко мен өзбекстандық Денис Истомин жұбының, Михаил американдық Уэйн Одесник пен румыниялық Виктор Хэнеску жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Ярослова чехиялық Люциие Шафаржовамен, Галина венгриялық Агнеш Савай мен италияндық Фловия Пеннетта жұбының жеңімпазымен сайысқа түсетін  болады.