Қазақстандық 6 ауыр атлеттен допинг анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық 6 бірдей ауыр атлеттен допингке қарсы сынақ кезінде оң нәтиже анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.
None
None

«2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді», - делінген хабарламада.

Бақылау қорытындысы бойынша келесі спортшыларда оң допинг-сынамалар анықталды:

1. Әуелханов Абылай

2. Сон Игорь

3. Потасова Юлия

4. Чалкарова Руфина

5. Дроздов Алексей

6. Макрушин Матвей.

Федерация таратқан мәліметке сәйкес, жоғарыда аталған барлық спортшы Алматы облысының өкілдері.

«Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті», - дейді аталған ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар