Қазақстандық 6 жасар теннисші Рафаэль Надаль академиясы турнирінің финалисі атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық 6 жасар теннисші Айша Ахметбекова Рафаэль Надаль академиясы турнирінің финалисі атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Испанияның Манакор қаласында 10 жасқа дейінгілер арасында Summer Camp Tournament халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Дәстүрлі жарыста 2015-2016 жылғылар арасында Айша Ахметбекова финалға дейін жетті. Титулдық матчта ол тай-брейкте ғана испаниялық Мухит Стримаға есе жіберді – 6:7.

Надаль академиясы атақты ойыншының туған қаласы - Манакорда орын тепкен. Онда тәрбиеленушілер кәсіби спортпен айналысумен қатар дәстүрлі білім алады. Академияның Надаль мен оның командасының көп жылдық тәжірибесіне негізделген өзіндік оқыту жүйесі бар.

Астанада Ұлттық теннис орталығында жаттығатын Айша осы академияға барып, шеберлігін ұштап тұрады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің халықаралық турнирлерде үздік шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық Анна Данилина жұптық сында әлемдегі үздік 20 теннисшінің қатарына кірді.


Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар