Қазақстандық «А-лау» дуэті «Жаңа толқында» арнайы жүлдеге ие болды
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Жексенбiде Юрмалада жас орындаушылардың «Жаңа толқын» танымал музыка байқауы аяқталды.
Қазақстандық «А-лау» дуэті Юрмала қалалық думасының арнайы жүлдесін алды, деп хабарлайды НАШ ВЕК.
АҚШ-тық Джейден Фелдер 10-шы байқаудың жеңiмпазы атанып, 50 мың еуроны қанжығасына басты, екінші орынды украиналық Маша Собко иеленді (30 мың еуро), ал ресейлік «Н.А.О.М.И.» тобы үшінші орынды қанағат тұтты (20 мың еуро).
Байқау музасы Алла Пугачеваның арнайы жүлдесін - Алланың Алтын жұлдызы мен 50 мың еуроны финляндиялық Flute of Shame триосы жеңіп алды.
Көрермендер көзайымы жүлдесі мен гауhар мүсінге Армения әншiсi Эрик лайықты деп табылды.
Байқауға барлығы 14 елден 16 орындаушы қатысты.