Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы бокс турнирінде жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы лицензиялық турнирде ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтуде, деп жазады Sports.kz.

65 келіге дейінгі салмақ санатында рингке қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен моңғол Чинзориг Баатарсук шықты. Жүсіпов қарсыласынан басым түсті - 2:1 (30:27, 28:29, 29:28).

Бұдан бұрын турнирде Жасұлан Әлімханұлы (75 келі) бірінші, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) мен Дариға Шәкімова (75 келі) - екінші, Олжас Сәттібаев (52 келі) пен Қайрат Ерәлиев (56 келі)- үшінші орындарға ие болған еді.  

 

Соңғы жаңалықтар
telegram