Қазақстандық ағайынды Емельяновтар жастар арасында каноэ-жұбынан әлем біріншілігінде үздік атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде байдарка мен каноэде есу бойынша әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық ағайынды Емельяновтар жастар арасында каноэ-жұбынан әлем біріншілігінде үздік атанды

30 шілдеде 23 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде 1 000 метр қашықтықта каноэ-жұпта қазақстандықтар -ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар үздік атанды.  Екінші румындықтар, үшінші украиндықтар болды.

Байдарка мен каноэде есу. Әлем чемпионаты. Минск (Беларусь) 
Ерлер. 23 жасқа дейін. Каноэ-жұп.

1. Сергей Емельянов / Тимофей Емельянов (Қазақстан) - 3.39,534
2. Леонид Карп / Стефан Страт (Румыния) - 3.41,474
3. Юрий Вандюк / Андрей Рыбачок (Украина) - 3.42,401.