Қазақстандық ақындар Ташкентте тамаша өнер көрсетті

ТАШКЕНТ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – Ташкенттегі «Истиқлол» залында көрермендердің ыстық ықыласына бөленген тамаша шара - халықаралық ақындар айтысы болып өтті.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Қазақстан мен Өзбекстанның түрлі өңірлерінен жиналған он екі ақын өз бақтарын сынады. Сөз додасына қатысқандар сөз саптау шеберліктерімен, орындаушылық дарындарымен жұртшылықты өздеріне тәнті ете білді. Нәтижесінде, Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының ақындары жүлделі орындарға иелік етті. Қазылар алқасының шешімімен Семейлік 20 жасар ақын Фархат Маратұлы айтыстың жеңімпазы атанып, бас жүлдені қанжығалады. Бірінші орынды оңтүстікқазақстандық ақын Ақмарал Ілеубаева мен Ташкент облысы Қыбрай ауданының өкілі Құлмахан Дүйсенов иеленді.
Соңғы жаңалықтар