Қазақстандық Альберт Линдер ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Альберт Линдер 69 келіде алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлады «Аламан» ұлттық спорт порталынан.

Қазақстандық Альберт Линдер ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Альберт Линдер жұлқа көтеруде 130 және 135 келіні бағындырып, кіші алтынды иеленді. Ал серпе көтеруде 160 келіні көтерді. Серпе көтеруде - кіші күміс.

Күміс жүлде египеттік Адел Мохамед Ахмед иеленді - 289. Қола қытайлық Сун Иофуйдің еншісінде - 287.