Қазақстандық «Әлем миссисі-2017» байқауына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлем миссисі-2017» байқауына тұңғыш рет Қазақстанның атынан жас ана Камилия Канапьянова барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат оның жеке менеджері Стас Мельниковаға сілтеме жасап.
None
None

"Бұл халықаралық байқау, ол жерде әлемнің 80 елінен ең сұлу аналар қатысады. Осы жылы еліміздің атын  Камилия Канапьянова халықаралық деңгейде танытатын болады", - деді Стас Мельникова. 


Камилия Канапьянова 2010 жылы Westminster University оқуға түсіп, LLM Master of Law дәрежесін алып, жеке авиакомпанияда, кейін жылжымайтын мүлік агенттігінде жұмыс істейді. 2013 жылы Лондонның қақ ортасындағы Pall Mall-да орналасқан Thrings Solicitors ағылшын заңгерлік фирмасында заңгер болып карьерасын жалғастырады. Лондонда 7 жыл тұрып, 2015 жылы Камилия Астанаға отбасылық жағдайлар бойынша оралады. Қазір ол 1 бала тәрбиелеп отырған бақытты әйел.

Айта кетейік, «Әлем миссисі - 2017» байқауы Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында 2017 жылдың 25 тамызы бен 3 қыркүйек арасында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар