Қазақстандық алғашқы контейнерлік пойыз түріктің Мерсин қаласына жетті
Контейнерлік пойыз құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға қарасты отыз 20 футтық контейнерлерге қапшықталған астық пен «ӘТЖ» ЖАҚ вагондарына тиелген жүктер бар. Жылжымалы құрам 5435 шақырымды он күнде басып өтті. Халықаралық бағдар Құрық порты паром кешені мен Каспий теңізі жағалауындағы Алят порты арқылы өтті. Сапар барысында вагондарды кең табанды рельстен тар табанды түріне алмастыру жаңа грузин-түрік шекаралық бекеті Ахалкалаки- Карста жасалды.
«Жобаны табысты жүзеге асыру барлық мүдделі тараптардың бірлескен қызметінің арқасында мүмкін болды. Оның ішінде теміржол, порт, теңіз көлігі әкімшілігі, логистикалық компаниялар - Транскаспий халықаралық көлік бағдарына (ТХКБ) қатысушы мемлекеттердің көлік қрылымдары белсенділік көрсетті», - дейді «KTZ Express» АҚ контейнерлік тасымалдау департаментінің директоры Алмат Кәрімов.
А. Кәрімовтің айтуынша, Баку-Тбилиси-Карс контейнерлік пойызын түрік портына жеткізумен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «KTZ Express» АҚ еншілес компаниясы айналысты. ТХКБ бағдарындағы тауар тасымалдаудың тиімді логистикалық тізбегін жасақтау және контейнерлік жүк ағынын тарту мен жүк базасы балансын жасақтау мақсатында «KTZ Express» АҚ жүк жөнелтушілерге мультимодальдық контейнерлік пойыз жасақтауда автокөлік қызметі мен қазақстандық көлік-логистикалық инфрақұрылымын пайдалану ұсынылды.
«Бұл бағдардың жылдық әлеуеті 10 миллион тонна жүк тасымалдауға жетеді деп бағаланып отыр. Таяу арада келесі жүк кезегі жөнелтіледі», - дейді А. Кәрімов.
Қазақстанға өзінің меншігіндегі терминальдық инфрақұрылымды пайдаланып, мультимодальдық шешімдерді қолдануы Түркия бағдарына астық жөнелту ғана емес, басқа да таяу және алыс көршілерге қажетті жүк тасымалдауға кең жол ашады.