Қазақстандық Андрей Кашечкин веложарыстардан аластатылды

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының ресми сайтынан хабарланғандай, клубтың велошабандозы қазақстандық Андрей Кашечкин жарыстардан аластатылды. 

Қазақстандық Андрей Кашечкин веложарыстардан аластатылды

Vesti.kz сайтынан мәлім болғандай, «Астана» Андрей Кашечкинді спортшының клубтың тәртіп нормалары жөнінде құжатқа қол қоймауы салдарынан уақытша жарыстардан аластатты.

Қазақстандық спортшы 2013 жылғы маусымдағы команда тізімінде бар. Алайда ол аталмыш құжатқа қол қоймайынша жарыстардың күнтізбелік кесте тізіміне алынбайды.