Қазақстандық әнші әлемдегі ең қымбат үйден пәтер сатып алып, Наоми Кэмпбелмен көрші болды

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Анар Айтжанова Лондонда орналасқан әлемдегі ең қымбат үйден - One Hyde Park кешенінен пәтер сатып алды,
None
None

деп жазды «Экспресс-К» газеті.

Британдық Daily Mail газетіне сілтеме жасаған басылымның атап өтуінше, бұл кешенде бір шаршы метрдің бағасы 100 мың долларға жетеді. Әртістің көршілері супермодель Наоми Кэмпбелл мен Катар елінің премьер-министрі шейх Хамад бин Джабер әл-Тани болды. One Hyde Park-қа Украинаның ең бай адамы - донецкілік «Шахтердің» иесі Ринат Ахметов та қоныстанды.

Естеріңізге сала кетейік, әнші А.Айтжанова танымалдылыққа 2004 жылы ие болды. Теледидардан оның бейне клиптері көрсетіліп, жаңа жұлдыз үшін әндерді танымал композитор Еркеш Шәкеев жазып тұрды. Анар Айтжанованың еңбек жолы басталмай жатып үзілді. Сол жылы оның жұбайы, «ТұранӘлем» банкі басқармасының төрағасы қызметін атқарған Ержан Тәтішев аң аулау кезінде қаза болды.

Соңғы жаңалықтар