Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Славян базары-2015» фестивалінің финалына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген «Витебск-2015» ХІІІ эстрадалық ән орындаушыларының халықаралық сайысының финалына өтті.
Енді сенбі және жексенбі күндері финалған шыққан 15 орындаушы Витебсктегі Жазғы Амфитеатрдың сахнасында ән шырқайды, деп хабарланған фестивальдің ресми сайтында.
Айта кетейік, «Славян базары» халықаралық музыкалық фестиваль аясында 9-13 шілде күндері «Витебск-2015» эстрадалық ән орындаушыларының халықаралық сайысы өтуде. Сайысқа түрлі байқаулардан лауреат атанған жас әншілер қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жас орындаушыларға өз өнерлерін танытуға тамаша мүмкіндік береді. Үздік өнер көрсеткен әнші гран-при иегері атанады.