Қазақстандық әнші Головкиннің жеңісі үшін су жаңа Мерседесін тіккен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек көрермендер арасында бұрын-соңды болмаған белсенділікті туғызды.
None
None

Әсіресе, букмекерлік кеңселердің іс-әрекеті қызу болды. Генаның жеңісін болжап, соған бәс тіккендер өте көп болды. Бәс тіккендердің арасында көлігін сатып ақшасын салғандар болды.

Әсіресе, қарағандылықтар өте белсенділік көрсеткен.

Қазақстандық әнші Saga Сағын Түсіпов те Головкин жеңісіне су жаңа Мерседесін тіккен.

Әнші бұл туралы Инстаграмдағы парақшасында жариялады.
Сағынның көлігін ломбард 25 000 АҚШ доллары (7,5 млн теңге) ретінде бағалаған.
null 

«Мен Генаны тек сөзбен емес, іспен қолдағым келеді. Өзімнің көлігімді Генаның жеңісіне қоямын. Ломбардтан ақшаны алдым, енді Трипл Джиді қолдау үшін кеттім», - деді бейнекадрда әнші.
null 

Егер Геннадий ұтқан жағдайда ол үстінен 12 млн теңге пайда көретін еді.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сенсек, Олимп букмекерлік кеңсесінде алматылық жігіт Головкин жеңеді деп, 20 млн теңге бәс тіккен.

Соңғы жаңалықтар