Қазақстандық әнші Меладзенің тобында ән салатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандасымыз Антолий Цой Константин Меладзенің «M-бенд» атты жаңа тобының құрамында ән салатын болды, деп хабарлайды massaget.kz.
None
None

Грант финалға Анна Седокова тәлімгерлік еткен Маркус Рива, Святослав Степанов, Вячеслав Басюла және Григорий Юрченко құраған топ пен Сергей Лазерев тәлімгерлік еткен құрамында отандасымыз Анатолий Цой, Артем Пиндюра, Владислав Рамм және Никита Киоссе бар екінші топ өткен болатын. Дауыс беру нәтижесіне сәйкес жоғарыда аталған екінші топ жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетсек, «Меладзенің тобында болғым келеді» - Константин Меладзе басқаратын жігіттерден құралған топқа таланттарды іріктеуге арналған шоу.

Бұған дейін Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан сынды мемлекеттерден таланттарды іріктеген Меладзе дәл осы тәсілмен жаңа жігіттер тобын құрауды жөн көрген. 2014 жылдың 30 сәуірінде ТМД елдері арасында әнші ер адамдарға кастинг жарияланған болатын. Ал алғаш рет көгілдір экраннан 2014 жылдың 6 қыркүйегінде көрсетіле бастады.

Соңғы жаңалықтар