14:20, 02 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстандық әнші және композитор Батырхан Шүкенов Нью-Йоркке ЮНИСЕФ-тің ізгілік елшісі болып барды
НЬЮ-ЙОРК. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші және композитор Батырхан Шүкенов Нью-Йоркке барды, деп хабарлады Нью-Йорктегі ҚР бас консульдығының баспасөз қызметі.

Нью-Йоркте ҚР бас консульдығымен ұйымдастырылған қазақстандық әншімен болған кездесу отандастарымыздың басым бөлігін - кішкентай баладан бизнесмендерге дейін қызықтырды.
Б. Шүкенов Нью-Йоркке ЮНИСЕФ-тің Ізгілік ешлісі ретінде келгенін жеткізді.
Айта кетейік, аталмыш кездесу барысында танымал әнші қазақ халық әндерін орындап, фотосессия ұйымдастырып, қолтаңбалар берумен болды.
Жиналған қауым әншімен кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін бас консульдыққа алғыстарын білдірді. Бас консул Раушан Есболатова мәлім еткендей, қазақстандық өнер жұлдыздарымен бұндай кездесулер дәстүрге айналған және әрі қарай жалғасын таппақ.