Қазақстандық әнші жол апатынан көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Антон Самойлов жол апатынан қайтыс болды, деп жазады 24.kz nur.kz-ке сілтемемен.

Қазақстандық әнші жол апатынан көз жұмды

Бұл туралы продюсер Әділ Лиян өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлаған.

Лиян өз парақшасында: «Ол жақсы жігіт әрі жақсы әнші болатын. Жол апаты кезінде сөз байласқан сүйіктісімен бірге көз жұмды», - деп жазған. Қайғылы оқиға осыдан 2 күн бұрын болған.

Антон Самойлов отандық тыңдармандарға «Сүйем сені ғана» әнімен танылған еді. Талантты әнші көбіне лирикалық әндерді орындап, танымал болды.