Қазақстандық әншілер «Главная сцена» шоуының жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әншілер «Главная сцена» шоуының ширек финалына шықты. Өнер бәсекесінде алматылық үш жігіт Равиль Исақов, Батыржан Тазабеков және Әлішер Егембердиев "Қарақұм" әнін орындады.

Қазақстандық әншілер «Главная сцена» шоуының жартылай финалына шықты

Қазақстанда бұл топты The Jigits деп атайды, бірақ «Россия 1» телеарнасы жігіттерді Jigboys тобы деп таныстырды.

Олар әнді орындап болғаннан кейін Валерий Леонтьев өз ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, қазақстандықтардың шығарманы орындауда әрі соған орай қимыл-қозғалыстарында үндестік бар. Осылай дей келе, даусын соларға берді. Бұдан соң ойын білдірген Вячеслав Добрынин аздап эмоцияның жетіспей жатқандығын алға тартты. Дегенмен ол да қолдады.

Диана Арбенина мен Николай Носковтың да пікірі оң болды. Осылайша The Jigits ширек финалға шықты.

Айта кетер жайт, жартылай финалдық бәсекенің қорытындысы бойынша ақтық сайысқа 12 қатысушы шығады. Олар өздерінің ең сәтті шығармаларын орындаулары тиіс. Финалда әділқазылардың тұрақты үш мүшесі ғана өз пікірлерін білдіре алады. Ал жеңімпазды таңдау құқығы ең басты әділқазылар -телекөрермендердің еншісінде.

Жобаның қорытынды концерті Кремльдің съездер сарайында өтеді.