Қазақстандық әншілердің атына шетелдік авторлардан шағым түскен жоқ - ҚР Әділет министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық эстрада орындаушыларына шетелдің авторлары шағымданған жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің сауалына ҚР Әділет министрлігінен хабарлады.

Қазақстандық әншілердің атына шетелдік авторлардан шағым түскен жоқ - ҚР Әділет министрлігі

Айта кетейік, бүгінде әлемде авторлық құқықты қадағалауға ерекше мән беріліп отыр. Бұл ретте шетелдік және отандық эстрадада плагиатқа жол берілгендігі жөнінде ақпарат БАҚ-та хабарланып жүргені белгілі. Осы орайда қазақстандық орындаушыларға қатысты шетел авторларынан арыздар мен айыптаулар  бар-жоғы жайында құзырлы ведомстводан білуді жөн көрдік.

«Қазіргі кезде шетелдік авторлардан қазақстандық эстрада орындаушыларының атына келіп түскен өтінімдер мен шағымдар жоқ»,-деп атап өтілген ҚР Әділет министрлігінің мәліметінде.