Қазақстандық аралас жекпе-жекшілердің Қытайдағы бәсекесі тікелей эфирден көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 ақпан күні Қытайдың Макао қаласында аралас жекпе-жектен «ATT 2019 CKF China vs Kazakhstan, Qazaqstan Fighter» турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Турнир барысында қазақ және қытай спортшылары арасында 10 жекпе-жек өтетіні күтіледі. Олардың арасында қыздар да бар. Қазақстандық команда құрамында тәжірибелі және жас спортшылар бар.
Команда үміті, көшбасшылардың бірі - «Qazaqstan FIGHTER» жобасының вице-чемпионы, «Албан» лақап атымен танымал Елжан Әлиасқар. Бәсеке жастардың да шеберлігін шыңдауға үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Турнирді «QAZSPORT» телеарнасы 1 наурыз күні тікелей эфирден көрсетеді.