Қазақстандық Арина Пантова биатлоннан IBU жасөспірімдер кубогында жеңімпаз болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Мартелль-Валь Мартелло қаласында биатлоннан IBU жасөспірімдер кубогының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық Арина Пантова биатлоннан IBU жасөспірімдер кубогында жеңімпаз болды

Қыздар арасындағы 7,5 шақырымдық екі межелі спринтте қазақстандық Арина Пантова бірінші болып келді. Мәреге екінші болып беларусь қызы Дарья Блашко, үшінші болып - итальяндық Кармен Рунгальдьер жетті.

Жарысқа қатысқан 78 спортшы қыздардың арасынан Елизавета Бельченко - 22-ші, Алина Слепенко 23-ші болып келді.