Қазақстандық армия отандық өндірістің штабтық машиналарымен толықтырылуда (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін «Камаз инжиниринг» АҚ өндірісінің тіркемесі бар штабтық машиналарды жеткізу ретке келтірілді. Оның ішінде өткен жылы кәсіпорын қазақстандық армияны осындай машиналар мен тіркемелердің 10 бірлігімен қамтамасыз етті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабаралды.
None
None

Бұл машиналар арнайы жабдықты орналастыру, тасымалдау, іске қосу және пайдалану, жерде орналастыру және жұмысты қамтамасыз ету мен далалық жағдайларда командалық құрам лауазымды адамдарының тұруы үшін арналған.

2016 жылы зауыт тіркемесі бар жаңғыртылған штабтық машиналарды құрастыру бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын техникалық ерекшелік жобасын әзірлеп қойды. Қазіргі кезде аталмыш жоба Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қаралуда.

Жалпы алғанда, 2005-2015 жылдар ішінде «Камаз инжиниринг» акционерлік қоғамының алаңында, оның ішінде Қазақстан Республикасы қорғаныс ведомствосының мұқтаждығы үшін әртүрлі арнайы техникалар игерілді. Барлық дерлік, зауыттың өндіретін өнімі республиканың ішкі нарығында іске асырылады.

«Камаз инжиниринг» АҚ - жүк машиналарын, самосвалдар мен КАМАЗ шассиіндегі арнайы техниканы құрастыру бойынша Көкшетаудағы ірі бірлескен қазақстандық-ресейлік кәсіпорын екенін айта кетейік.
null null

Соңғы жаңалықтар