Қазақстандық армияшылар Таиландтағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында үш «қола» жүлдені жеңіп алды (ФОТО)

59 келі салмақта қола жүлдені 2015 жылғы СИЗМ Бүкіләлемдік армия ойындарының чемпионы ҚР ҚК қызметкері Мейрамбек Айнағұлов иеленді. Жартылай финалда Таиландтың спортшысы Ритисак Праванд жеңіліп қалды.
ҚР ҚК қызметкері Дархан Баяхметов 71 келі салмақта қола жүлдені қанжығасына байлады. Үшінші орын үшін күрес барысында ол Түркіменстандық Дидар Аманназаровты 11:2 есебімен ойсырата жеңді.
80 келі салмақта қола жүлде үшін бақ сынасуда халықаралық дәрежедегі спорт шебері ефрейтор Асхат Ділмұхамедов Қытайдың палуанын мерзімнен бұрын жеңді.
Бұдан өзге, 2016 жылғы ақпанның 18-і мен 20-ы аралығында Анталия қаласында таэквондодан IV Еуропа чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 40 елінен 700-ден астам спортшы қатысуда. Чемпионат барысында ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының таэквондодан спорт шебері кіші сержант Алмас Мұқажанов 5 кездесу өткізіп, 63 келі салмақта күміс медальға ие болды.
87 келіден жоғары салмақта ҚР спорт шебері, келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Руслан Жапаров чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда ол таэквондодан әлем чемпионы әзірбайжандық спортшыдан жеңіліп қалды.