Қазақстандық әртістер «емханаға тіркел» эстафетасын қабылдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық жұлдыздар «емханаға тіркел» эстафетасын қабылдады.

Қазақстандық әртістер «емханаға тіркел» эстафетасын қабылдады

Толқын Забирова, Меруерт Түсіпбаева, Мырзахан Маханов, Бақтияр Тайлақбаев, Жұлдызай Дүйсенбай, Дильназ Ахмадиева, Абай атындағы опера және балет театрының әртістері «Иль-Канто» тобы, Венера Алпысбаева, Нұржан Бажекенов, Болат Букенов, Луина, Нұргүл Нұғымановалар емханаға келіп, өзінің мәртебесін анықтады.
null

«Бүгін менің әріптестерім емханаға келіп, журналистерден эстафетаны қабылдап жатырмыз. Адам денсаулығын күтіп, бағалауы керек. Ол үшін емханадағы мәртебесін тексерген дұрыс. Біз көпшілікке үлгі боламыз. Мен 3 баламды алып келдім. Өйткені, олардың өмірі денсаулығы үшін жауапкершілікті сезінемін», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова.

Әртістердің барлығы №5 қалалық ауруханаға келді. Мұнда оларды Қазақстандағы жалғыз дәрігер фониатр Салтанат Қарымсақова қабылдады.

Маманның алдынан қазақстандық әртістердің барлығы өткенін айта кетейік.

Сондай-ақ, аудиометрия кабинетіне кіргендер де аз емес. Өйткені, әншілердің есту қабілетін сурдолог мамандар жиі тексеріп тұрады.

«Сурдолог қос құлағымның есту қабілетін тексерді. Мен жақсы естуім керек. Өйткені, құлақ -  кәсіби құралым», - деді Т.Забирова.

Енді белгілі тұлғалар эстафетаны әлеуметтік желі арқылы тарататын болады.

Осылайша қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарын мейлінше көбірек қамтуды көздеп отыр.

«Медициналық сақтандыру жүйесі қолжетімді медициналық көмек алуға, халық талабына жауап бере алатын денсаулық сақтау жүйесін құруға, медициналық қызметтің сапасын қадағалауды арттыруға мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ, халықтың қалтасынан жекеменшік емханаларға ақшаның ағылуына тосқауыл болмақ», - деді №5 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Әмина Әбдірахманова.

nullnull