Қазақстандық ару семсерлесуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Верона қаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Тамила Муридова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Муридова осы жеңісінің нәтижесінде Буэнос-Айрес қаласында өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдаманы қоса еншілеген.
Ол жарыстан кейін тілшілерге берген сұхбатында: «Жаcөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына ұзақ уақыт бойы дайындалдым. Себебі, бұл - жастар арасындағы Олимпиада ойындары алдындағы ең басты турнирлердің бірі. Маған төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға жолдама алу маңызды болды. Мақсатыма жеттім. Жалпы бұл медаль Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы семсерлесуден әлем чемпионатының тұңғыш жүлдесі екен», - деп ағынан жарылды.
Иллюстрациялық фото