Қазақстандық Ашкеев кәсіби рингте сегізінші рет жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық бокшы Мадияр Ашкеев (7-0, 3 КО) Анкасвиллде (АҚШ, Коннектикут штаты) америкалық Шоно Кэмеронмен кездесті (10-2, 5 КО), деп хабарлады Sports.kz.
Ашкеев Кэмеронды жетінші раундта 1.3 ұпайымен техникалық нокаутпен ұтты. Жекпе-жек сегіз раундтық форматта өтті.
Бұл жартылай орта салмақтағы қазақстандықтың кәсіби бокстағы сегізінші жеңісі (4-еуі нокаут). Америкалық өз мансабында үшінші рет жеңілді.