Қазақстандық әскери альпинистердің мерейі үстем болды
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Қорғаныс министрлігі АОСК спортшы-альпинистері ТМД-ға мүше мемлекеттер достастық армиялары чемпионатының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды еншіледі,
деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іле Алатауының баурайында өткен бұл бәсекеде Қазақстан мен Ресейдің әскери-спортшылары бақ таластырды.
Жарысты ұйымдастырған - ҚР Қорғаныс министрлігінің АОСК Спорт клубы.
Әскери спортшылар күрделі тау сілемдерінде өрмелеп күш сынасты. Мұнымен қатар альпинистер граната лақтыру, тауға уақытпен жылдам шығудан бәсекелесті.