Қазақстандық әскери қызметшілер Халықаралық армиялық ойындарда өздерінің шеберліктерін көрсетеді

Осы және келесі жылдары Халықаралық армиялық ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ТМД-ның қорғаныс ведомствалары арнайы ұйымдастыру комитетін құруды жоспарлауда.
Халықаралық армиялық ойындар - бұл бірегей сайыс, оның шеңберінде ТМД елдері Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері алғаш рет далалық, әуе және теңіз дағдысы («Танкті биатлон», «Авиадартс», «Каспий теңізі») бойынша сайысқа түседі.
Бұл жарыстарға қазақстандық әскери қызметшілер қазірден бастап қызу дайындалуда. Танкішілер, теңізшілер мен ұшқыштар тапжылмай жаттығуда және жоғары жауынгерлік көңіл-күйде.
Қазақстанды «Танкті биатлонда» таныту үшін алты үздік танкті экипаж іріктелді, «Каспий теңізі» теңіз биатлонына қатысу үшін ҚР ҚК ӘТК «Қазақстан», «Сарыарқа» және «Орал» суүсті зымыран-артиллериялық корабльдері, сондай-ақ теңіз жаяу әскерінің бригадасы таңдап алынды. Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің жауынгерлік ұшақтары мен тікұшақтарының ұшу экипаждарын іріктеу әлі де жалғасуда.