Қазақстандық әскери қызметшілер ҰҚШҰ елдерінің десантшыларымен бірлескен арнайы операциялар өткізді (ФОТО)

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хаабарлауынша, оның құрамында ҚР ҚК әскери қызметшілері де бар. ҰҚШҰ ЖДҰК арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің практикалық жарысын өткізу аясында қару мен есірткі заттарын алып өтіп бара жатқан топты іздеу бағытын анықтау және қолға түсіру іс-қимылын жүргізу бойынша бірлескен іс-қимыл пысықталды. Қарсылас жасайтын іс-қимылдың жағдайы мен сипаты, оның құрамы туралы нақты мәлімет алғаннан кейін ҰҚШҰ ЖДҰК қолбасшысы бөлімше командирлеріне ҰҚШҰ бөлімшелерінің жауапты аудандарындағы диверсиялық-барлау жасақтары мен бандқұралымдарын қамау және жою жөнінде тапсырмалар берді. ҰҚШК мүше алты елдің десантшылары бірлесіп заңсыз қарулы құралымдарды шартты басып алу, базасын жою және тұтқындарды босату бойынша арнайы операцияларды жүргізді. Бірлескен операциялар барысында Ресей және Беларусь елдерінің барлаушылары берілген аумаққа десант ретінде түсіріліп, Қырғызстан мен Тәжікстанның тактикалық десанты оқ атуды қолдау кезінде тікұшақпен берілген аймаққа жеткізілді, Қазақстанның ӘӘК бөлімшелері Ресей ТЖМ бірге төтенше жағдайлардың салдарын жою мәселесін пысықтады. Бірлескен оқу-жаттығуға жеке құрамнан барлығы 2000-ға жуық адам, 200 бірлік әскери техника және 40 ұшақ пен тікұшақ тартылды.