Қазақстандық әскери оқу орынының курсанттары Мәскеуде өтетін парадқа қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары - болашақ офицерлергеМәскеу қаласының Қызыл алаңындағы әскери парадқа қатысу мәртебесі бұйырып отыр.

Қазақстандық әскери оқу орынының курсанттары Мәскеуде өтетін парадқа қатысады

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Осыдан 70 жыл бұрын, 1945 жылы Ұлы Отан соғысында фашистерді ойсырата жеңген аға-апаларымыз Жеңіс күні дәл осы алаңда сап түзеп адымдаған болатын. Әскери оқу орнынан 74 үздік курсант іріктеліп алынды. Қазіргі уақытта курсанттар Алматыдағы тұрақты орналасқан пунктерде жаттығу жүргізуде. Курсанттар сәуір айының соңында олар Мәскеуге барып, ресейлік әскери қызметшілермен бірге жаттығуларға кіріседі. Ағымдағы жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған айтулы жыл. ҚР Қорғаныс министрілігі мерейтойды атап өту аясында ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруда. Олар әскери-патриоттық акциялар, құрмет көрсетулер, байқаулар және басқаларды қамтиды. Жеңіс мерейтойын мерекелеудің шарықтау шегі әскери парадпен жалғасады.

«7 мамыр күні «Қазақ елі» Монументінде ҚР ҚК бүкіл тарихындағы ауқымы жағынан теңдесі жоқ ең ірі әскерлер парады өтеді. Парад біздің армияның, қоғамның, Қазақстан халқының жауынгерлік қуатын, бірлігін және тұтастығын көрсете отырып, егеменді еліміздің мызғымас бейнесін айқындай түседі. Қазіргі уақытта парадқа қатысушылар, қару-жарақтар мен әскери техникаАстана маңындағы базаларға орналастырылған. Бүгінде әскерилердің сапты қрамы күн сайын жаттығулар өткізсе, ал 20 сәуірден бастап механикаландырылған лектер жаттығуын бастайды. Басты репетицияның өтуі 2,4 және 5 мамыр күндері жоспарланып отыр. Бұл репетиция ҚР Қорғаныс министрі мен ҚР ҚК Бас штабы бастығының қатысуымен өтеді», - деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев.

ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад арқылы ардагерлерге, майданда қаза болған жауынгерлерге және ұрыс даласынан аман-есен оралған жерлестірімізге деген құрметті білдіреді.