Қазақстандық әскери спортшы халықаралық күрес турнирінен күміс жүлде алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айтулы спорт бәсекесіне әлемнің 45 елінен 500-ден астам әскери спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы - Спорт комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық әскери спортшы халықаралық күрес турнирінен күміс жүлде алды

«Болгарияның Русе қаласында «Дан Колов - Никола Петров» атты рейтингі жоғары күрестен халықаралық турнир өтті. Аталған бәсекеде Армия орталық клубының спортшысы Марина Седнева 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді», - деп жазылған комитеттің Фейсбук парақшасында.

«Күрес қиын, ымырасыз бәсеке болды. Мен үш белдесу өткіздім, осы орайда қарсыластарымның оңайға түспегенін айта өткен жөн. Жалпы өз нәтижеме көңілім толды. Енді 21-25 наурызда Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындықты күшейту қажет», - деді М.Седнева.

Айта кетсек, халықаралық турнирге 45 елден, 500-ден астам әскери спортшы қатысты. Жарыс болгар спортшылары Дана Колова мен Никола Петрованың құрметіне ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ол әлемдік күрес бірлестігі (UWW) күнтізбесіне кіреді.