Қазақстандық әскерилер шаңғымен бағдарлаудан Әлем чемпионатының қола медалін еншіледі

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Әскери қызметшілер арасында шаңғымен бағдарлау спортынан өткен Әлем чемпионатында (CISM) Қазақстанның қыздар құрамасы эстафеталық сайыстарда қола медаль еншіледі,
None
None

деп хабарлайды Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерві дирекциясының баспасөз қызметі.

«Бұл осынау жоғары халықаралық деңгейдегі жарыстардағы отандық бағдарлаушылардың үлкен жетістігі. Аталмыш спорт түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Жақында Риддер қаласында Әлем чемпионаты өтті. Сонымен қатар Әлем кубогінің кезеңдері өткізілуде. Шаңғымен бағдарлау 2017 жылы Алматыда өтетін Бүкіләлемдік қысқы спартакиаданың бағдарламасына енгізілген», - делінеді дирекция таратқан хабарламада.

Қола медаль жеңіп алған команданың құрамы: Мария Власова, Элмира Молдашева және Риана Хасанова.

Аталмыш Әлем чемпионаты төрт жылда бір рет Әскери спорттың халықаралық кеңесінің ұйымдастыруымен өтіп тұрады.

Соңғы жаңалықтар